Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «ҚЫЗҒАЛДАҚ»

image001 image002 image003 image004 image005

Жасыл жайлау көктемінде,
Күн шуғын төккенінде.
Көз алмаймын кел бетіңнен,
Қызғалдағым тербетілген.

Сен – достық гүлі.
Сен – жастық жыры,
Сен – дала сәні,
Сен – сәулем әні.
Ау қызғалдағым
Қыз ернінен аумайсың ғой
Сен – махаббатпен
Қиялымды жалғайсың.

Күйге бөлеп қыздың жанын,
Үлбіреген қызғалдағым.
Сырға толған гүлім едің,
Сенсің менің сүйінерім!

Қайырмасы

Таң келгенде арайланып,
Саған әлем қарай қалып.
Сен деп күйім күмбірлейді,
Сен деп бұлақ би билейді.

Қайырмасы

Сен – достық гүлі.
Сен – жастық жыры,
Сен – дала сәні,
Сен – сәулем әні.
Сен – қызғалдағым,
Кең далада алаулайсың.
Сен – махаббаттан
Жаралған бір жалаудайсың!