ДУДАРАЙ (М. Жагорқызы)

 

 


Скачать

1. Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге – келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғашық болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
2. Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
3. Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел
Орныңа өңкей жаман таласып жүр
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
4. Қолында Мариямның өткір қайшы
Қағазға Мариям аты жазылсайшы
Қор болып бір жаманға кеткенімше
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!