Сағындым сені

image00130 маусым, 1995 жыл

image002

Күнделiктi күйбiңнiң, тiршiлiктiң шетсiз-шексiз таусылмайтын қам-харекетiнiң шылауында шырмалып, таңның атқанын, күннiң батқанын аңғараалмай күн кешетiнiмiз баршаның басындағы жәйт. Әсiресе, бүгiнгiдей қым-қиғаш, апай-топай кезеңде, бiрiмен-бiрi жарыса таласқан мың сан қиыншылықпен ауыртпалық ордалы жыландай аяққа оратылып, етекке жармасып жатқанда, «тән азығы» бiр жағынан бет қаратпай аяздай айбаттанып қыспаққаалғанда, екiншi жағынан ақыл-ойды, сана-сезiмдi, бүкiл болмысты отымен шарпып дертке айналғанда, ал «жан азығы» барған сайын көзден бұлбұлұшып, алыстан сағымданып, мұнар тартқанда кiсiлiгiмiзден гөрi сүйек пен еттен жаралған пенделiгiмiз басым түсiп жатқаны өтiрiк емес.

Адам басында осындай бiрсарындылықты бiр сәтке болсада үзiп, одан арылуға бастайтын, пенделiктен кiсiлiкке қарай ұмтылдыратын, ой салатын,ес жиғызатын ерекше жағдайлар болады. Олар аракiдiк болса да еңбектiң елеулi жемiсiн көргенде, немесе отбасының, өз ортаңның ерекше қуанышынаорай ұшырасады. Дегенмен, көбiнесе, мұндай жағдайлар аяулы жақын туыс, қиыспас дос, құлын тайдай тебiсiп бiрге өскен үзеңгiлес құрдаспен мәңгiгеқоштасып, қара жердiң суық құшағына берген мезеттермен тығыз байланысты. Өзiң үшiн орны толмас қайғыға дұшар болып, көкiрегiң өксiкке толғандабүкiл өмiрдi көз алдыңнан тiзбектеп өткiзесiң. Оның қамшысының сабындай қысқа екенiн, жалған дүниенiң алдамшылығын, жарық дүниенiң қадiрiнбiлмей жаныңдағының жақсылығын аңғармай, әурешiлiк пен пендешiлiктiң ығында кетiп бара жатқаныңды ұғынғандай боласың. «Өлген кiсiнiң көзiн тiрiадам жабады, тiрi адамның көзiн өлген кiсi ашады» деген Шығыс даналығының алдында бас иесiң.

Осыдан дәл бiр жыл бұрын аяулы досымыз, қазақ халқының сүйiктi әншiсi Құрманай Омарова мезгiлсiз дүние салғанда, қабiрдiң басында егiлiптұрып осындай көңiл күйдi бастан кешiрген едiк, осындай өмiр сабағын көкейге түйген едiк…

Бiз қырқыншы жылдардың соңы мен елуiншi жылдардың басында, соғыста жеңiске жетiп, рухы көтерiлген бүлiнгендi бүтiндеп ес жия бастағаназаматтардың отбасында дүниеге келген ұрпақпыз. Хрущевтiң «жылымығы» өмiрге жылы iлебiн тарата бастаған тұста мектеп табалдырығын аттадық. «Жиырма жылда коммунизмнiң нышандарын толық көре бастаймыз» деген серпiндi рухты бойға сiңiрiп өскенбiз. Сондықтан болар бiздiңқатарластарымыздың қиялы ұшқыр, болашаққа сенiмi зор, iлгерi ұмтылысы екпiндi, өнер мен бiлiмге құштарлығы айрықша болды. Арамыздан не бiрдарынды азаматтар суырылып алға шығып, ерте бастан-ақ жұрт назарын өздерiне аударды. Алайда, сұм ажалдың қанды шеңгелiне ерте iлшiп, нұрлыдүниемен қоштасып, ел есiнде сақталатын елеулi еңбегiмен бiрге, өкiнiш пен сағынышты қоса қалдырып кете барған аялы бозлақтар да баршылық.Кеңшiлiк Мырзабеков, Сағат Әшiмбаев, Жәнiбек Кәрменов, дарынды ғалым-геолог Үсенбек Қуанышбаев деп еске ала бастасақ жүрек сыздайды.Олардың арасында Құрманай да бар.

Құрманай туралы айтқанда ең әуелi, қазақтың қасиеттi ән-әуенi, өлең-жыры, рухани әлемi ойға оралады. Содан кейiн сонау алпысыншы жылдардыңсоңы мен жетпiсiншi жылдардың бас кезiнде қазақ өнерiнiң көгiнде шолпан жұлдыздай жарқырап, өзiндiк өрнегiмен, тыңға салған жолымен қалыңқауымның ықыласына бөленген «Дос-мұқасан» әуендi-аспапты ансамбiлiн тiлге тиек етемiз. Әсiлi, Құрманайдың өнердегi жолы, адамгершiлiк келбетi «Дос-мұқасанмен» бiте қайнап жатыр. Соңдай-ақ «Дос-мұқасанды», оның шыққан биiгiн, жетiстiгiн Құрманайсыз қарастыру мүмкiн емес.

…1968 жылдың қысы болатын. «Дос-мұқасан» ансамбiлi өнердегi өз жолын, өз бет-әлпетiн анықтап, жұрт аузына iлiгiп, танымал атанып қалған кезедi. Бiр күнi зоотехникалық-малдәрiгерлiк институтта үлкен жиын болып, арты әдемi концертке ұласты. Сахнада өнер көрсетiп жатқандар негiзiненқыздар педагогтiк ннститутының өнерпаз студенттерi екен. Бiз залда тамашалап отырғанбыз. Кенет сахнаға сүп-сүйкiмдi, тығыршықтай, үлкен қаракөзiнде нұр ойнаған қара торы қыз Бала шықты да сол кезде көпшiлiкке Лили Иванованың орындауында кең тараған болгар әнiн шырқап қоя бердi.Залдағы жұрт сiлтiдей тына қалып әнге бар ықыласымен зейiн қойды. Қазақта сирек кездесетiн тереңнен шыққан сан бояулы ғажап та құдiреттi дауысбаурап барады. Әсiресе, қыздың музыканы терең түсiнетiнi, бүкiл болмысымен сазға елтiп, жан дүниесiмен берiле айтуын айтсаңшы! Ән аяқтала бере,дүркiрей соғылған шапалақ дабырымен iлесе сахнаның артына жетiп бардық. Алғашқы танысу. Құрманай Әжiбаева. Ақтөбе өңiрiнде қарапайым балалы-шағалы от басында дүниеге келген. Қазiр қыздар институтының қазақ мектептерiне орыс тiлiн оқыту мамандығы бойынша екiншi курста оқиды екен. Олтаяу күндерi өз институттарында өтетiн концерттiк кешке шақырды. Бардық. Тағы да Құрманайдың дауысының құдiретiне. Әнiнiң сыршылдығына тәнтiболдық. Ансамбльдiң құрамына шақырдық. Сөйтiп, «Дос-мұқасанның» тұңғыш жеке дауыста айтатын солист әншiсi Кұрманай болды. Мiнезi жайдарыашық болып шықты. Ансамблдiң жiгiттерiмен бiрден-ақ шүйiркелесiп, тiл табысыпкеттi. Өте алғыр тым сезiмтал екен. Ансамбльдiң жол-жорасын алғанбағытын, өзiндiк өрнегiн басталған алғашқы қадам үлкен болашақтың бастамасы болды. Ол «арпа iшiнде бiр бидаймын» демей-ақ, жiгiттермен қоян-қолтың бiрге жүрдi, ансамбльдiң ыстығына бiрге күйiп, суығына бiрге тоңды. Ансамбль ел аралап, қыстың қақаған аязында, жаздың аптабында сапаршегiп өнер көрсеткенде, мен қыз баламын-ау деп ешқашан сыр бермедi. Оңаша қалған сәттерде, репетиция кездерiнде ылғи да әзiл-қалжың айтып, түрлiбастамаларға мұрындық болып, одан қалса әдемi әуездi әндердi айтып, тыным таппайтын. Жiгiттердiң бәрiн бiрдей көретiн, ретi келгенде еркелеп теқоятын. Сөйтiп жүргенде бойы бәрiмiзден биiк, көрiктi, әрi спортқа әуес Шәрiп досымыз екеуi бiрiн-бiрi ұнатып, ара-кiдiк оңаша сыр шертiсiп жүргенiн деаңғармаппыз. Бiраз уақыттан соң олардың отау тiккенi жұртқа мәлiм.

Жетпiсiншi жылдардың басында комсомолдың екпiндi құрылыстарының бiрi есебiнде Одаққа әйгiлi болған Тәжiкстандағы Нүрек гидроэлектрстанциясын салып жатқан құрылысшылармен кездесiп, концерт қойып қайтуға Қазақстан комсомолы Орталық комитетiнiң жолдамасымен сапар шектiк.Ортамызда Ескендiр Хасанғалиев, Нұрғали Нүсiпжанов сияқты танымал өнер қайраткерлерi бар. Сол сапарда Ескендiр ағамыздың өте сырлы, нәзiк»Сағындым сенi» деген жаңа ән шығарғанын бiлдiк. Бiрақ әлi ешкiм орындамапты. Эфирге шықпаған, жұртқа таралмаған. Автордың өзi де басқа бiрәншiге орындатуға қимайтын сияқты, өзiне тым ыстық көрiнетiнi-байқалады. Құрманай бұл өнмен таныса салысымен-ақ өте ұнатты, қатты ден қойды,жарты күнге жетпей-ақ игерiп алып, Есекең, Нұрағаң бастаған бәрiмiздiң алдымызда жан-тәнiмен берiле тұрып орындап бергендгi бiздiң жағдайымыздыкөрсеңiз! Қуанғаннан, толқығаннан көзден жас та шығып кеттi. Ерекше күйге бөленген Есекең терең тебiренiске түскен қалпы, аса ризашылықпенҚұрманайдың маңдайынан сүйдi. «Сағындым сенi» Құрманайдың орындауында бүкiл елге тарады. Халық өте ықыласпен қабылдады. Бұл әнҚұрманайдың өмiрiнiң соңғы күндерiне дейiн сүйiп орындаған әнi болды. Бұл әндi Құрманайдай жан-дүниесiмен, терең музыкалық сауатпен, санқатпарлық құпиясы мол ғажап дауыспен шырқаған басқа әншiнi әлi кездестiрмегенiмiз айдай шындық. 1992 жылы желтоқсанның 26 жұлдызындаРеспублика сарайында «Дос-мұқасанның» 25 жылдығындағына арналған үлкен концерттiк кеш өткiзгенбiз. Сол кешiмiздi «Сағындым сенi» деп атадық. «Дос-мұқасанды» сағынған оған тiлектес жастық шағын «Дос-мұқасанмен» бiрге өткiзген ағайынға арнағанбыз бұл кештi. Сонда Құрманай «Сағындымсенi» әнiн ерекше шабытпен шырқап едi. Бұл көпшiлiк алдында «Сағындым сенi» соңғы орындауы екен. Ендi, мiне, «Сағындым сенi» деп өзiңдi аңсап отырмыз.

Құрманайдың ерекше iлтипатпен, терең тебiренiспен, нақышына жетiп шырқаған әндерiнiң бiрi — «Жан досым» екенi өнер сүйер қауымның есiндеболар. «Дос-мұқасан» ансамблi 1973 жылы Берлинде өткен дүниежүзi жастары мен студенттерiнiң фестивалiнен лауреат атанып оралған соң. 1974 жылы Қазақстан Комсомолы сыйлығына иегер болғаннан кейiн бәрiмiз үшiн жан күйзелiсiн бастан кешiруге тура келдi. Бiраз жiгiттер ғылым жолындағы өз бақтарын сынамаққа бел буды. Аспирантураға түстi, Мәскеуге кеттi. Шәрiп комсомол, партия қызметiне ауысты, Құрманай үстаздық iсiн жалғастырды. Ансамблдi басқарып Мұрат қалды. Талай жыл күнi-түнi бiрге тұрып, бiрге жүрген, ойы да, тiлек-ниетi де бiр жiгiттердiң ажырауы қиын екен. Осы кезеңде туған «Жан досым» өңiн Мәскеуге келген сапарыңда бiрiншi рет Құрманайдың-орындауында тыңдаған қауым, мәскеуде оқып жүрген қазақ жастары қандай көңiл күйде болғанын айтып жеткiзу қиын. Әсiресе, ән авторы үшiн бұдан үлкен сыйлық, бұдан үлкен құрмет болмас! Мұндай сәттi тек бастан өткiзу керек. Ал ән шырқап тұрған Құрманайдың албыраған жүзiнен, нұрлы көзiнен, сағынышқа, өмiрге құштарлыққа толы әсем даусынан: «Дүниеге қараймын отты көзбен, Терезесiн жанымның айқара ашып», — деп Қасым ақын айтып кеткен көңiл күйдi, жан толқуын аңғару қиын емес едi. Құрманай соңғы күндерге дейiн «Жан досымды» бар ықылас-зейiнiмен айтушы едi, әлде қимас достарьран мәңгiге ажырайтын күн келiп қалғанын алла тағала сездiрдi ме екен…

1971 жылы шiлденiң 3-шi жұлдызында Шәрiп пен Құрманайдың үйлену тойы болды, той одан әрi елде, ауылда жалғасты. Бұл кезде «Дос-мұқасанның» бұғанасы бекiген халыққа кең танылған шағы едi. Ал оның даңқын әлемге паш еткен «Той жыры» жұрттың аузында болатын. «Той жырынсыз» той басталмайтын. «Дос-мұқасан» жайлы Қазақ телевидениесi арнаулы телефильм түсiрудi қолға алып, iске кiрiсiп жатқан. Телевидениенiң жiгiттердi: «фильм түсiруге орай Шәрiп пен Құрманайдың тойы болғалы жатыр екен, осы қуанышты бiз пайдалансақ. «Той жырын» Мұрат пен Сәбираға арнап шығарғандарыңызды бiлемiз. Бiрақ, Шәрiптердiң тойында тағы да шырқалса», — дедi. Бiз қуана құп алдық. Тойды өзек етiп алған телефильм түсiрiлдi. Ендi, мiне, өмiрдегi қуанышты сәттi бейнелеген бұл дүние Құрманайға деген ескерткiштей көрiнедi бiзге.

Құрманайдың жаны жайсаң, көңiлi көл, мiнезi ақ жарқын едi. Достың жолынан ештеңенi аямайтын, ұнамағанды тiк айтатын. Жұрттың бәрiне жақсылық тiлейтiн. Осы қасиеттерiнiң арқасында ол өте беделдi ұстаз атанды. Қазақ ұлттың техникалық университетiнiң (бұрынғы политехникалық) қабырғасында көп жыл ұстаздық қызмет атқарып, студенттер мен ұстаздар қауымның құрметiне бөлендi. Сүйiктi жар есебiнде жора-жолдас, ағайын-туыс арасында ерекше сыйлы болды. Өнегелi от басынан Аида мен Данадай ұрпақтар өсiп шықты. Олар ата-ана жолын қуып, өнер арнасынан өз мұраттарын iздеп жүр. Асқақ та аяулы Қасым ақын Құрманайдың жасына келгенде қайтыс болып, қазаға жыл толғанда Әбдiлдө Төжiбаев атамыз айтқан мына бiр сөздердi пайдалана отырып, бiз былай дегiмiз келедi.:

Жыл толды әншi жүрек тоқтағалы,

Бiз оны сан айтамыз жоқтап елi.

Досым СҮЛЕЕВ,

Алматы энергетика институтының проректоры,

профессор.

Ұлықпан СЫДЫҚОВ,

Қазақ үлттық техникалық университетiң кафедра меңгерушi,

профессор