1. Жан досым, сені ғана сағынамын,
Уақыттың дегеніне бағынамын.
Ай өтті, көрмегелі жыл да өтті,
Мен жүрмін сағыныштың салып әнін.
Қайырмасы:
Кел,
Келші, досым, сағындым мен,
Кел,
Жолығайық жалын күнмен.
Сен,
Сені ғана жүрмін ойлап,
Кел,
Келші, досым, келші жайнап
2. Жан досым, ойлайсың ба сен де мені,
Уақыт қаңбақ құсап дөңгеледі.
Адамға атақ, мансап артық емес,
Адамға арман екен ең керегі.
Қайырмасы.
3. Жоғалтпай сол арманды келеміз бе,
Бақытқа баяғыдай сенеміз бе?
Ерлікпен арман ғана жолдас болсын,
Зулаған өмір деген кемемізде!
Қайырмасы.