Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «АЛМАТЫНЫҢ ҚЫЗДАРЫ»

Көңілді, ойнақы

image001 image002 image003 image004image002
1. Ала таудың құздары бар қиялыңа ерік берген!
Алматының қыздары бар көңіліңе көрік берген!
Жалт еткен жанары құралай көзіндей,
Сұлу бар сыланған аққудың өзіндей,
Сұлу бар көктемнің жайнаған гүліндей,
Сұлу бар көгімнің сәулелі күніндей.

Сәнімен, әнімен
Таң қалдырған талайды,
Алматым, сенде жүр
Ақ Баяндар арайлы!

2. Жазираның бар сәулеті,
Алматымның құшағында.
Жүрмін соны мен әндетіп,
Өмірімнің гүл шағында.
Сұлу бар — секілді даланың елігі,
Сол еді сұңқардай жігіттің серігі!
Алматым-жаннатым арулар мекені,
Соларға жүрегім жыр жырлап кетеді!

Қайырмасы:

Сәнімен, әнімен
Таңқалдырған талайды,
Алматым, сенде жүр
Айнамкөздер арайлы!
Алматы қыздары
Жұлдыздардай жайнайды-ау!
Көзінен солардың
Жаныңды күй жайлайды-ау!