Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «ӘЖЕ ӘЛДИІ»

image001 image002 image003 image004 image005

1. Алдыма алып аялап ән күйменен,
Әй-әй балам, өзіңді әлдилегем, ботам-ау
Елжіретіп жанымды сүйдірген сен,
Алпыс екі тамырымды идірген сен, ботам-ау.

Қайырмасы

Әлди-әлди, өзің сәнімсің,
Әлди-әлди, өзің таңымсың.
Әнмен ұйықтай қалатын,
Әже тілін алатын.

2. «Тәй-тәйлеттім», ермегім, еркелеттім,
Сенің үшін кеш жаттым, ертелеттім, қозым-ай.
Бал бөбегім, сенсің ғой жұпар гүлім,
Сенсің менің алдымнан шығар күнім, жан нұрым!

Қайырмасы

3. Шекер бердім, бал бердім, тәтті бердім,
Сенен әжең алданыш тапты дермін, құлыным.
Сылдырмағы қолында шылдырлаған,
Базар етіп үй ішін былдырлаған, құлыным!

Қайырмасы