Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «АЙСҰЛУ»

 

 

image001 image002 image003 image004

1.Әнге қостым, атыңды атап, Айсұлу,
Сымбат көркің ай-нұрына сай сұлу!
Сыйлаған сен маған құсын қиялдың,
Жүрегіме сенен нәзік күй алдым!

Жүрегіме сенен нәзік күй алдым,
Өзің едің арман құсы қиялдың!
Айсұлу, Айсұлу
Достық гүлін саған, сәулем сыйлармын!
Айсұлу, Айсұлу

2.Аруым-ау, ай нұрындай дидарың,
Өзіңе арнап дала гүлін жинадым!
Келші жақын, менің аппақ маралым,
Мәңгілікке достығыңды қаладым!

Келші жақын, менің аппақ маралым,
Сенің үшін гүлін жинап даланың,
Айсұлу, Айсұлу,
Сағынышпен жолыңа көп қарадым!