Д.Сүлеев, Т. Молдағалиев «АЛМАТЫ ТҮНІ»

image001 image002 image003 image004 image005

1. Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған секілді.
Қаз-қатар өскен тату бақ
Ойланып қалған секілді.

Қайырмасы

Алматы түні, Алматы түні,
Ұйқымды менің ұрладың.
Алматы түні, Алматы түні,
Мен болып таңға жырладың.

2.Самалға кешке шомылып,
Арманның оты жанады.
Менің де жастық өмірім
Кешеде өтіп барады.

Қайырмасы

3. Алатау алтын лағылдай,
Сәукеле киіп тұр үнсіз.
Ұқсайды көше ағынға,
Алматы — арман тынымсыз.

Қайырмасы