Д.Сүлеев, Қ. Айтолқын «ЖАСТЫҚ»

Марш еқпiтiмен

image001 image002 image003 image004 image005

1. Жарқыратқан жолдарын нұрлы арман,
Табылатын Камаз, Бам, тыңдардан.
Біз жастармыз жалынды, жігерлі,
От жалында құрыштай шыңдалған.

Шалқып, тасып, айтамыз әнді асқақ,
Алшаң басып жүреміз жол бастап.
Жарқын жастық нұрлы өмір жалауы.
Алтын жастық жүректің алауы.

2. Ғарыштарға жол салып самғаған,
Біз қыранбыз қанаты талмаған.
Альпиниспіз ту тіккен ер жүрек,
Біз шықпаған шыңдар да қалмаған.

Қайырмасы.

3. Ұлы еңбекпен қарсы алып әр таңды,
Жаудан қорғап сақтаймыз Отанды.
Бейбітшілік туын біз көтеріп,
Асқақтата шырқаймыз осы әнді.

Қайырмасы.