Кең, асықпай
1. Кептіріп көрмеген тоқымтерлікті,
Батыры шыңындай асқар ерліктің.
Көк сауыт киінген тауына,
Сүйінген дала көзі ерліктің.
Көңілі қазақтың сәнді дала,
Өмірі қазақтың мәңгі дала.
2. Жеңсе деп Әділдік, Шындық, Дұрыстық,
Жер үшін, ел үшін қанша ұрыстық?!
Көгілдір өзен мен көлдерге
Қол созған дала— көзі Ырыстың.
Қайырмасы.
3. Қобызы секілді күйші уақыттың,
Тартылған төсінде шегі шабыттың.
Ақ сүтін ақтаса ұл-қызы,
Ақ әже дала — көзі бақыттың!
Қайырмасы.