1. Жұлдыздар жерге жақындап, Байланып қалған секілді. Қаз-қатар өскен тату бақ Ойланып қалған секілді. Қайырмасы Алматы түні, Алматы түні, Ұйқымды менің ұрладың. Алматы түні, Алматы түні, Мен болып таңға жырладың. 2.Самалға кешке шомылып, Арманның оты жанады. Менің де жастық өмірім Кешеде өтіп барады. Қайырмасы 3. Алатау алтын лағылдай, Сәукеле киіп тұр үнсіз. Ұқсайды көше ағынға, […]
Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «АЙСҰЛУ»
1.Әнге қостым, атыңды атап, Айсұлу, Сымбат көркің ай-нұрына сай сұлу! Сыйлаған сен маған құсын қиялдың, Жүрегіме сенен нәзік күй алдым! Жүрегіме сенен нәзік күй алдым, Өзің едің арман құсы қиялдың! Айсұлу, Айсұлу Достық гүлін саған, сәулем сыйлармын! Айсұлу, Айсұлу 2.Аруым-ау, ай нұрындай дидарың, Өзіңе арнап дала гүлін жинадым! Келші жақын, менің аппақ маралым, […]
Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «ӘЖЕ ӘЛДИІ»
1. Алдыма алып аялап ән күйменен, Әй-әй балам, өзіңді әлдилегем, ботам-ау Елжіретіп жанымды сүйдірген сен, Алпыс екі тамырымды идірген сен, ботам-ау. Қайырмасы Әлди-әлди, өзің сәнімсің, Әлди-әлди, өзің таңымсың. Әнмен ұйықтай қалатын, Әже тілін алатын. 2. «Тәй-тәйлеттім», ермегім, еркелеттім, Сенің үшін кеш жаттым, ертелеттім, қозым-ай. Бал бөбегім, сенсің ғой жұпар гүлім, Сенсің менің алдымнан шығар күнім, […]
Д.Сүлеев, Т. Молдағалиев «КҮТ МЕНІ»
Қайырмасы
Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «ҚЫЗҒАЛДАҚ»
Жасыл жайлау көктемінде, Күн шуғын төккенінде. Көз алмаймын кел бетіңнен, Қызғалдағым тербетілген. Сен – достық гүлі. Сен – жастық жыры, Сен – дала сәні, Сен – сәулем әні. Ау қызғалдағым Қыз ернінен аумайсың ғой Сен – махаббатпен Қиялымды жалғайсың. Күйге бөлеп қыздың жанын, Үлбіреген қызғалдағым. Сырға толған гүлім едің, Сенсің менің сүйінерім! Қайырмасы Таң келгенде […]
Д.Сүлеев, М. Шаханов «БАҚЫТҚА БАРАР ЖОЛДА»
1. Ерке көктем қайтадан келді деп, Ерке желмен шаттығың желбіреп. Арманыңды аңсаумен жүрсің бе, Сағыныштан жанарың мөлдіреп. Бақытыңа аттанасың ба Бақыт ұқсас ақ көк аршынға. Тек үркітіп алма, өкініште қалма, қалқатай. 2. Құшақ жайып келген көп күндерің Келбетінен сыр оқып үлгердің. Шаттығыңды, қалқам-ау, тағдырдың Мақдайына жазды екен кімдердің? Қайырмасы. 3. Жарқын едің, жайдары, сындарлы, Ай […]
Д.Сүлеев, Т. Молдағалиев «ЖАН ДОСЫМ»
1. Жан досым, сені ғана сағынамын, Уақыттың дегеніне бағынамын. Ай өтті, көрмегелі жыл да өтті, Мен жүрмін сағыныштың салып әнін. Қайырмасы: Кел, Келші, досым, сағындым мен, Кел, Жолығайық жалын күнмен. Сен, Сені ғана жүрмін ойлап, Кел, Келші, досым, келші жайнап 2. Жан досым, ойлайсың ба сен де мені, Уақыт қаңбақ құсап дөңгеледі. Адамға атақ, […]
Д.Сүлеев, Б. Тәжібаев «АЛМАТЫНЫҢ ҚЫЗДАРЫ»
Көңілді, ойнақы 1. Ала таудың құздары бар қиялыңа ерік берген! Алматының қыздары бар көңіліңе көрік берген! Жалт еткен жанары құралай көзіндей, Сұлу бар сыланған аққудың өзіндей, Сұлу бар көктемнің жайнаған гүліндей, Сұлу бар көгімнің сәулелі күніндей. Сәнімен, әнімен Таң қалдырған талайды, Алматым, сенде жүр Ақ Баяндар арайлы! 2. Жазираның бар сәулеті, Алматымның құшағында. Жүрмін соны […]
Д.Сүлеев, Қ.Мырзалиев «ДАЛА»
Кең, асықпай 1. Кептіріп көрмеген тоқымтерлікті, Батыры шыңындай асқар ерліктің. Көк сауыт киінген тауына, Сүйінген дала көзі ерліктің. Көңілі қазақтың сәнді дала, Өмірі қазақтың мәңгі дала. 2. Жеңсе деп Әділдік, Шындық, Дұрыстық, Жер үшін, ел үшін қанша ұрыстық?! Көгілдір өзен мен көлдерге Қол созған дала— көзі Ырыстың. Қайырмасы. 3. Қобызы секілді күйші уақыттың, Тартылған төсінде […]